Ақсұңқар (2-нұсқа) (текст)

Жебесі шын күмістен садағымның,
Әдеті осылай ма еді базарлымның.
Несіне сөйлер сөзден іркілейін,
Тұсына кез келгенсін ажарлымның.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қандай едің,
Құрбының өзін теңдес маңдайы едің.
Өзіңмен күліп-ойнап жүрген шақта,
Қол жеткен мұрадыма жандай едім.

Ақсұңқар, неге қонбайсың,
Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қасың керік,
Мал болсаң алар едім бәсін беріп.
Мен саған басы байлы бол демеймін,
Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: