Ақ қурай (текст)

Ей, ақ қурай, қызыл қурай, қурай, қурай,
Құдайым қызды ауылмен сыбай қылғай.
Әкесін ала жаздай ауру қылып,
Шешесін түк естімес саңырау қылғай.

Домбыра басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.

Қар жауса қара жерге қақ тұрмайды,
Жігітке сұлу қыздар таптырмайды.
Сыртынан қызды ауылдың ән шырқасақ,
Тыржыңдап шал мен кемпір жақтырмайды.

Домбыра басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.

Мінгенім дәйім менің ала құнан,
Қыздардың жел соғады балағынан.
Шортандай шабақ қуған шөпілдетіп,
Сүйер ме еді сол қалқаның тамағынан.

Домбыра басы бал қурай,
Басына қонған бозторғай,
Қалампыр мен насыбай,
Насыбайым болмаса,
Ауырады басым-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: