Ай-күнім, айман айым, денің сау ма,
Шырмалған ақ шабағым қиын ауға.
Алыстан аласұрып келдім жетіп,
Болсын деп шыбын жаным саған сауға.
Қару-жарақ тағынып,
Айрылдым деп неғылып.
Айман айым, жұлдызым,
Жаңа таптым сағынып.
Кешіктім, көп отырдым тас қамауда,
Қапамен дәурен өтті күн санауда,
Жеткенім осы-ау болды, кешірерсің,
Салсам мен тон тонауды қан талауға.
Қару-жарақ тағынып,
Айрылдым деп неғылып.
Айман айым, жұлдызым,
Жаңа таптым сағынып.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: