Жылқым жатыр төменде жусаған боп-ай,
Сусаған жер қалады қу сабан боп, дүлділім.
Әнің жақсы-ай,
Ән салшы
Бақшадағы бұлбұлым-ай.
Қызды ауыл көргенде амалым көп-ай,
Сусын сұрап ішемін, сусаған боп, дүлділім.
Әнің жақсы-ай,
Ән салшы
Бақшадағы бұлбұлым-ай.
Сарт дегізіп сары атқа қамшы бастым-ай,
Намаздыгер болғанда белден астым, дүлділім.
Әнің жақсы-ай,
Ән салшы
Бақшадағы бұлбұлым-ай.
Құдай менің жолымды оңдайды екен-ай,
Еркесімен бір үйдің дидарластым, дүлділім.
Мың күніме татиды, ой,
Осы отырған бір күнім-ау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: