Ұшады аққу көлден байпаңдаған,
Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған.
Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай,
Көзіңнен айналайын жаутаңдаған.
Бір бидай – арпа,
Өзің біл қалқа.
Ұшады көк ала үйрек көлге қарсы,
Ұясы жануардың желге қарсы,
Кеткенде аулың шалғай, тату қалқам,
Төгілер орамалға көздің жасы.
Бір бидай – арпа,
Өзің біл қалқа.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: