Бір бидай әнім (текст)

Басы еді өлеңімнің Райымбек,
Ат қостым Ақ аралдан сынайын деп-ей.

Ей, бір бидай әнім,
Өзің біл жаным-ай.

Кеткенде ауылың алыс-ей, қарағым,
Үш тұрдым, үш отырдым жылайын деп-ей.

Ей, бір бидай әнім,
Өзің біл жаным-ай.

Әуеде ұшып жүрген қара инелік,
Ұшады қара инелік зар иленіп-ей.

Ей, бір бидай әнім,
Өзің біл жаным-ай.

Кеткенде ауылың алыс-ей, қарағым,
Қалды ғой қабырғама қан иленіп-ей.

Ей, бір бидай әнім,
Өзің біл жаным-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: