Сәлем жаздым, құрбыжан, саған арнап,
Шығарайын шерімді бірден талдап.
Әгөй бір сұлу керім-ай,
Құрбыжан, керім-ай.
Шырт ұйқыда жатқанда еске түссең,
Үш қоршалсаң да ойым бар сені алмақ.
Әгөй бір сұлу серім-ай,
Сен үшін келдім-ай.
Ну орманның ауылың арасында,
Мөлдір бастау тұнық су жағасында.
Әгөй бір сұлу керім-ай,
Құрбыжан, керім-ай.
Қай бақтыға, құрбыжан, кез боласың,
Талай жігіт сыртыңнан таласуда.
Әгөй бір сұлу серім-ай,
Сен үшін келдім-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: