Дәйім менің мінгенім алқара көк,
Қара көкке қададым үкілі шоқ.
Құба жонға құлазып шыға келсем,
Жұртың жатыр қарайып, ауылың жоқ.
Пай-пай, Бәтиқа-ай,
Құба жон қозы айдаған,
Айхай-айдай-ау.
Дәйім менің мінгенім үкілі кер,
Үкілі керге жарасар күмістен ер.
Алыс аулың кеткенде беу, Бәтиқа-ай,
Көзге күйік көрінер ойнаған жер.
Пай-пай, Бәтиқа-ай,
Құба жон қозы айдаған,
Айхай-айдай-ау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: