Бөбегім-ау (текст)

Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ,
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Сүт бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: