Вот так, Шалабек (текст)

Өлеңді айтайын деп еттім талап,
Жөнсіз-ау не қылайын бойды балап.
Балалар өлең айт деп талап етсе,
Жарамас құр тұрғаным бекер қарап, ах-ай.

Вот так, Шалабек,
Молодец дедім-ай, добын-ай,
Вот так и, русеке, оның көзің-ай.

Өлеңді айт дегенде болдырар ма,
Тойда ақын өлең айтып жаңылар ма?
Балалар айт деген соң, айта салдым,
Тамаша күнде осындай табылар ма, ах-ай!

Вот так, Шалабек,
Молодец дедім-ай, добын-ай,
Вот так и, русеке, оның көзің-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы: Әзімхан Әлімбекқызы

Видеоға сілтеме: