Қарақаттай қос көзің гүл жайнайды, жеңеше-ай,
Ісің менен мінезің жанға жайлы.
Жеңеше-ай,
Әнің қалай демеші-ай.
Гүл-гүл мақпал, Гүлмария-ай,
Көлденеңдей жөнелші-ай.
Қара қасың жіңішке, жазық маңдай, жеңеше-ай,
Таңғаламын көркіңе туған айдай.
Жеңеше-ай,
Әнің қалай демеші-ай.
Гүл-гүл мақпал, Гүлмария-ай,
Көлденеңдей жөнелші-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: