Өлең де жоқ, ән де жоқ салмағанға-ей,
Армандамын аулыңа бармағанға, деп айтам.
Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім-ей,
Ойнап-күліп мейірім қанбағанға, деп айтам.
Жүгіріп шықтым белеңге,
Сен болмасаң келем бе?
Әдейі іздеп мен келдім,
Той боп жатыр дегенге.
Қош болғайсың, құрбыжан, қош болғайсың-ей,
Өзім деген құрбыңмен дос болғайсың, деп айтам.
Бір табақтан дәм татқан құрбым едің-ей,
Сәлем жолдап біздерді еске алғайсың, деп айтам.
Жүгіріп шықтым белеңге,
Сен болмасаң келем бе?
Әдейі іздеп мен келдім,
Той боп жатыр дегенге.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: