Ділдаш-ай (текст)

Мекені біздің елдің қара терек,
Өлеңге он жасымнан болдым зерек.

Қайлілі-ләйлім,
Ділдаш-ай.

Көпшілік құрметіне ән салайын,
Мұндайда босқа отырып неге керек.

Қайлілі-ләйлім,
Ділдаш-ай.

Аспанда үркер алтау, шолпан жалғыз.
Домбыра екі ішекті қолға алғанбыз.

Қайлілі-ләйлім,
Ділдаш-ай.

Мұндайда босқа отырып жарамайды,
Көпшілік құрметіне ән салғанбыз.

Қайлілі-ләйлім,
Ділдаш-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: