Аулым менің Масаттың өзенінде,
Қыздар өктем сөйлейді өз елінде.
Дүнием-ай – мәжіліс,
Ойхой, заманым-ай.
Қалай айтсаң, олай айт, қыз балалар,
Еркін сенің ойласам өз еліңде.
Дүнием-ай – мәжіліс,
Ойхой, заманым-ай.
Елім отыр Масаттың қабағында,
Ішкен асың бұйырсын тамағыңа.
Дүнием-ай – мәжіліс,
Ойхой, заманым-ай.
Сыйламасаң, сыйласаң табиятың,
Құдай айдап кеп қалдық жанабыңа.
Дүнием-ай – мәжіліс,
Ойхой, заманым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: