Өкшесі етігімнің айнала жез,
Көзіңнен айналайын, Дөңгелек көз.
Ха-ла-ла-ла-лау, ха-ла, ла-ла, ләй, әй-ау!
Екеуміз екі рудың баласы едік,
Қаңбақтай жел аударған болыппыз кез.
Ха-ла-ла-ла-лау, ха-ла, ла-ла, ләй, әй-ау!
Берейін сақинамды, сақтаймысың,
Ауылыңа мені барып мақтаймысың.
Ха-ла-ла-ла-лау, ха-ла, ла-ла, ләй, әй-ау!
Сұрасаң, біздің ауыл Талкөдеде,
Іздесең шыныменен таппаймысың.
Ха-ла-ла-ла-лау, ха-ла, ла-ла, ләй, әй-ау!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: