Ей, ахау,
Ат жетім, өрен жүйрік шабылмаса,
Топ көріп, ашты тері арылмаса.
Қау-ліліләйім,
Қай-ліліләйім-ай.
Ей, ахау,
Болады теңдесі жоқ кәрі жетім,
Бас тартар кірерге үй табылмаса.
Қау-ліліләйім,
Қай-ліліләйім-ай.
Ей, ахау,
Көл жетім, дария шалқар ел қонбаған,
Шетінен мың жылқы әкеп суармаған
Қау-ліліләйім,
Қай-ліліләйім-ай.
Ей, ахау,
Құс жетім қопандағы, қорыстағы,
Салатын саятшысы табылмаған
Қау-ліліләйім,
Қай-ліліләйім-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: