Көрінеді ал қызыл-ей қашқан түлкі,
Қайда қалмас жігіттің жиған мүлкі.
Ей-ей, аққу,
Ей-ей, аққу,
Ей-ей-ей.
Ойда тұрып биікке қол сермеймін,
Көңіл шіркін болсын деп көтеріңкі.
Ей-ей, аққу,
Ей-ей, аққу,
Ей-ей-ей.
А, дегенде дауысым ей шаңырқаған,
Естіген жан әнімді таңырқаған.
Ей-ей, аққу,
Ей-ей, аққу,
Ей-ей-ей.
Ақындықпен өлеңді, ей, мен айтпаймын,
Көтеремін көңілді жабырқаған.
Ей-ей, аққу,
Ей-ей, аққу,
Ей-ей-ей.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: