Дәйім менің мінгенім қара керім,
Жүрдек те емес қара кер әлім перім-ай.
Тіршіліктің барында күл де ойна,
Күнде думан, күнде той жүрген жерім-ай.
Ей-ей, көкем,
Өткен іске өкінбе деген екен-ай.
Дәм татайық бұйырса, шай қайнаса,
Бойы қызар жүйріктің айғайласа-ай.
Тіршіліктің барында күл де ойна,
Не болады ер жігіт қайғы ойласа-ай.
Ей-ей, көкем,
Өткен іске өкінбе деген екен-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: