Бақ қайда тойда өлең бастағандай,
Жасықты ұрмай-соқпай жасқанғандай.
Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Артына алтын үйіп тастағандай.
Іші алтын өлеңімнің, сырты күміс,
Жақсы атқа бірдей бітер жорға жүріс.
Өлеңім – жақсылардың жан азығы,
Табамын екі қолға тағы бір іс.
Айтамын өлеңімді өрнекпенен,
Жақсыны бір ғанибет көрмек деген.
Қонар бақ, ер жігітке бітер дәулет,
Ақ адал, елге еткен еңбекпенен.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: