Ей, тобылғы-ай (текст)

Болғанда ақыл – дария, көңіл – көлмек,
Тата алмай көл дариядан жүрміз шөлдеп.

Ей, тобылғ(ы)-ай,
Әкел бері қолыңд(ы)-ай!
Астына қара жердің бір түскен соң,
Бекініп оңай емес шығып келмек.

Бүгінде жүк артамын қасқа жорға,
Жақсы екен ақ білегің жастанарға.

Ей, тобылғ(ы)-ай,
Әкел бері қолыңд(ы)-ай!
Астына қара жердің бір түскен соң,
Бекініп оңай емес шығып келмек.

Өлеңді айтушы едім бір кісідей,
Қартайып айта алмадым дүр кісідей.

Ей, тобылғ(ы)-ай,
Әкел бері қолыңд(ы)-ай!
Астына қара жердің бір түскен соң,
Бекініп оңай емес шығып келмек.

Жас күнің қандай жақсы келмейтұғын,
Құнанның қара жорға жүрісіндей.

Ей, тобылғ(ы)-ай,
Әкел бері қолыңд(ы)-ай!
Астына қара жердің бір түскен соң,
Бекініп оңай емес шығып келмек.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: