Ей, әләлім-ай (текст)

Болғанда, ей, жазғытұрым қар кетеді,
Бақпаса, қарамаса, мал кетеді.
Ей, әләлім-ай.

Өзіңе, ей, тең құрбы деп айттым бір сөз,
Сөзімді қостай салсаң, нең кетеді?
Ей, әләлім-ай.

Жайлаудан, ей, жұғымы жоқ ел кетеді,
Білмеген аттың бабын терлетеді.
Ей, әләлім-ай.

Өзіңді, ей, құрбылас деп салдым қолқа,
Көңілімді аулай салсаң, нең кетеді?
Ей, әләлім-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: