Есік алды қара су өткелі жоқ, сәулем-ау,
Өткелі жоқ суыңнан өткенім жоқ.
Екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.
Бір құдайға шет болсаң, өзің шет бол, сәулем-ау,
Сені тастап ешқайда кеткенім жоқ.
Екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.
Айналайын көзіңнен күлімдеген, сәулем-ау,
Басқан ізің артыңнан білінбеген.
Екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ай.
Үш ұйықтасам ойымда бар ма менің, сәулем-ау,
Сенен, сәулем, айырылып қалам деген.
Екі-ай көк,
Айналып жалған келер жоқ-ау!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: