Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
Ей, құрбым, сөз сөйлейін көрген жайдан,
Айтпаймынкүдер үз деп ақ сұңқардан.
Көңлімде еш дауалық болмаған соң,
Бойымда толып жатыр арыз, арман.
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: