Елім-ай (2-нұсқа) (текст)

Қаратаудың басын көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, қысқан заман,
Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.

Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман?
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: