Ерке нәзігім (текст)

Түсінер осы мән-жайды
Өзіңдей ешкім болмайды,
Отырам түнде ойланып,
Жаным-ау, жалғыз сен жайлы.
Отырам түнде ойланып,
Жаным-ау, жалғыз сен жайлы.

Қайырмасы:
Қылығың нәзік еркелеп,
Айтасың маған ерте деп.
Ал менің жалғыз арманым
Жету ғой саған ертерек.

Көп еді саған айтарым,
Келмейді-ау сірә байқағың.
Сағынып жеткен көктемім,
Сағынышымның айт әнін.
Сағынып жеткен көктемім,
Сағынышымның айт әнін.

Қайырмасы:

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=eQytPvBLdoY