Еу-айдай (текст)

Көшіп аулым барады қаудан көлге, еу-айдай,
Қашан көшіп жетеміз таудағы елге-ай.
Қайта айналып көргенше кім бар, кім жоқ, еу-айдай,
Қош айтайын қол қысып бұраң белге-ай.
Көшіп аулым барады ылай көлге, еу-айдай,
Кәмшәт бөрік жарасар қынай белге-ай.
Айрылғаны екі елдің қосылмай ма, еу-айдай,
Айналайын көзіңнен жылай көрме-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: