Қарқаралы басында жалғыз арша,
Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманща,
Кішкенеден бірге өскен сәулем едің,
Өмірің аз ба, көп пе әлде қанша.
Қайырмасы:
Өттің жалған, кештім сайран,
Уа, шіркін, қыз бала!
Жастықтың әсерімен,
Еттім сайран.
Көл жағалап бітеді көкше құрақ,
Ән салмағың қайда еді-ау, Ләйлім шырақ,
Қозыбайдың үйінде мәжіліс боп,
Әні екен сонда салған жаймашуақ.
Қайырмасы.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: