Жамал-ай (текст)

Арық суын ішпедім ылай ма деп,
Жардың шетін баспадым құлай ма деп.
Дос болуға жаманмен мен қорқамын,
Ердің құнын іс түссе сұрай ма деп.

Жамал-ай,
Жастық өтіп барады-ай,
Алды-артына қарамай.

Кесте тіктім көйлектің әдібіне,
Жолықтырма адамның бәдігіне.
Жан қисаң да жақсыға жарасады,
Қайдан жетсін жамандар қадіріңе.

Жамал-ай,
Жастық өтіп барады-ай,
Алды-артына қарамай.

Қоңыраулатқан көп атты күймеменен,
Жүйіткіп өтіп барады дүние деген.
Жете алмайсың дүниеге, деміңді ал,
Омырауыңды ағыт та түймелеген.

Жамал-ай,
Жастық өтіп барады-ай,
Алды-артына қарамай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: