Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің, жаным-ай,
Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің , жаным-ай,
Жанай салған әнім-ай.
Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің, жаным-ай,
Көрінбей ме досыңа қылған ісің, жаным-ай,
Жанай салған әнім-ай.
Арғымақтан ат жақсы шабыс болса, жаным-ай,
Ағайыннан жат жақсы таныс болса, жаным-ай,
Жанай салған әнім-ай.
Досың күліп дұшпаның табалайды, жаным-ай,
Бір нәрседен аяғың шалыс болса, жаным-ай,
Жанай салған әнім-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: