Жан ерке (текст)

Сүйсінемін, жан ерке, мінезіңе,
Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.
Үлкен, кіші есітсе таңырқаған
Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.

Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ ешқандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз еркем-ай!

Көркіңе ақылың сай, ісің әрі,
Бір өзіңдей болсайшы жанның бәрі!
Күлкісі наз, сөзі бал жан ерке деп,
Аңыз еткен атыңды жас пен кәрі.

Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ ешқандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз еркем-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: