Айт дегенде айтайын әнім саған-ау,
Тұрып орын бермейді танымаған-ау.
Сыйласқандай кісінің баласы едік-ей,
Тәуір-тәуір өлең айт, жаным, маған-ай.
Жан жанаки-ау,
Біз мінеки-ау.
Уәделі сөз қайда,
Қол кәнеки-ау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы:
Қазақ әндер жинағы