Жарығым-ай (текст)

Жалт етеді бір үміт, тайып беріп,
Жалынамын жанымды, жайып көріп.
Қаным сымай барады арнасына,
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.

Қайырмасы:
Жарығым-ай!
Тұман торлап жүзіңе қалғаным-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары құдай.
Неге таси береді қаным ұдай!
Жарығым-ай!

Қосылғанда екі өзен, тасығанда,
Талқармаймын жағаға, асылам да.
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?

Қайырмасы:

Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады-ай, толқындатып.
Бәрі келіп тоғысып,
Жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.

Қайырмасы:

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=vefWeyIUsCc