Мен қайтейін, кіші жұрт, басың биік,
Бауырында ойнайды ақша киік, еркем-ай.
Сен есіме түскенде, ерке сәулем,
Жүре алмаймын теңселіп, ішім күйіп, еркем-ай.
Ақ көйлектің етегі,
Желбір-желбір етеді.
Заманында күліп, ойна,
Жастық дәурен өтеді.
Ана бетпен жол еді мына бетке,
Сөйлеспейдім өзіңмен шығып шетке, еркем-ай.
Қайсыбірін айтайын, ай-ау, сәулем,
Енді кетіп барасың тұрмай сертте, еркем-ай.
Ақ көйлектің етегі,
Желбір-желбір етеді.
Заманында күліп, ойна,
Жастық дәурен өтеді.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: