Жеті аралдай жер қайда қыз балаға,
Дүрия бешпент жарасар бозбалаға.
Жеті арал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
Елім-жұртым көз қырын сала ма екен,
Еңіреп кеткен еріксіз бір балаға.
Жеті арал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
Жеті аралдай жер қайда елдің көркі,
Құмырсқадай қайнаған қоян, түлкі.
Жеті арал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
Дұшпан шауып жерімді алғаннан соң,
Қай жерімнен келеді ойын-күлкі?
Жеті арал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: