Жоғартыннан келемін жолмен саулап,
Таңдайымнан келеді өлең қаулап.
Шаршы топтың ішінде тартынбаймын,
Мұрындықсыз тайлақтай омыраулап.
Ей, жеңеше,
Мұның қалай демеші-ай.
Қара таудың басында қиясы бар,
Мал жемейтін бір шөптің миясы бар.
Айт дегенде өлеңді іркілмеймін,
Таңдайымда жел сөздің ұясы бар.
Ей, жеңеше,
Мұның қалай демеші-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: