Мінгенім астымдағы жорға құла-ей,
Арда емген ана сүтін өскен бұла-ей.
Жол жорға жолыққанша,
Аман бол мен барғанша-ай.
Бірге өскен кішкентайдан замандасым-ай,
Ер салдым жол жорғаға саған бола-ай.
Жол жорға жолыққанша,
Аман бол мен барғанша-ай.
Мінгенім астымдағы құла қасқа-ей,
Айтамыз амандықты мал мен басқа-ей.
Жол жорға жолыққанша,
Аман бол мен барғанша-ай.
Құламен құйқылжытып салдыртқанда-ей,
Көз қырын жіберуші ем замандасқа-ай.
Жол жорға жолыққанша,
Аман бол мен барғанша-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: