Жылой (текст)

Орынбор, тұз төбенің тұзын көрсең,
Жылойдың таңғаларсың қызын көрсең.
Атыңнан түссең қайтып міне алмайсың,
Еркемнің судан қайтқан ізін көрсең.

Торайығыр тоқпақ жалды тоғайда бар,
Қыпша бел, жазық маңдай ноғайда бар.
Көрінген қыздың бәрі сұлу емес,
Сұлу қыз, көзі қара Жылойда бар.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: