Қарашаға тағы да қарашаға,
Кисе киім жарасар аласаға, заманым-ай.
Тауда жүрер кекілік,
Тастан тасқа секіріп.
Заманында ойнап күл,
Кейін жүрме өкініп.
Тапсаң тәуір өлеңнің тазасын айт,
Тыңдасын да көпшілік, бала-шаға, заманым-ай.
Тауда жүрер кекілік,
Тастан тасқа секіріп.
Заманында ойнап күл,
Кейін жүрме өкініп.
Сен де тату болғанда, мен де тату,
Татулықтың белгісі бірге жату, заманым-ай.
Тауда жүрер кекілік,
Тастан тасқа секіріп.
Заманында ойнап күл,
Кейін жүрме өкініп.
Екі тату қосылып бір жатқанда,
Он екі айда болсайшы бір таң ату, заманым-ай.
Тауда жүрер кекілік,
Тастан тасқа секіріп.
Заманында ойнап күл,
Кейін жүрме өкініп.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: