Айқай салмай дауысым ашылмайды,
Жолға жұпар қалампыр шашылмайды.
Зибаш-ай,
Қасың қара, қиғаш-ай.
Құрбыңның сөзін сыйлашы-ай.
Жолға жұпар қалампыр шашылмайды,
Сені көрмей көңілім басылмайды.
Зибаш-ай,
Қасың қара, қиғаш-ай.
Құрбыңның сөзін сыйлашы-ай.
Сені көрмей көңілім басылмайды,
Есіңнен бір шығарма осы жайды.
Зибаш-ай,
Қасың қара, қиғаш-ай.
Құрбыңның сөзін сыйлашы-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: