Айқай салмай дауысым ашылмайды,
Жұпар жолға қалампыр шашылмайды.
Зияш-ай,
Қасың қара, қиғаш-ай.
Құрбыңның сөзін сыйлашы-ай.
Бауырың майда, Көкшетау өнген жерің,
Өсіп-өнді бірталай өрлеп елім.
Балымша-ай,
Қайдан жүрсің, қарғаш-ай,
Құшақтатшы, қалқаш-ай.
Бауырың жалпақ, Көкшетау, салаң тәтті.
Желдей желпіп өсірдің-еу, талай жасты.
Зияш-ай,
Қасың қара, қиғаш-ай.
Құрбыңның сөзін сыйлашы-ай.
Балымша-ай, жан электрдің шамынша-ай,
Тіл алмайсың жалынса-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: