Әндебайдың баласы атым Торым,
Қызбен жолдас болғам жоқ бұдан бұрын.
Керім-ау айдай,
Кермиық-ау аулың қайда-ай.
Керімаймен келісіп жүргенімде,
Айырды ғой мойныма іліп құрым.
Керім-ау айдай,
Сағындым сәулем сені ойлай.
Дәйім менің мінгенім кер балағым,
Ренжуден тартады сол қабағым.
Керім-ау айдай,
Кермиық-ау аулың қайда-ай.
Қолым жетпей қор болдым сұм заманда,
Қияметтік қимасым қош ,қарағым.
Керім-ау айдай,
Сағындым сәулем сені ойлай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: