Қыздың аты қыз емес, керім бала,
Он бесте қыз болады бойға талма.
Он алтыға он бестен шығарыңда,
“Кетші” деген сөзіне әсте нанба.
Керім бала-ай,
Кезігуге талай бар-ай.
Қиғаш қабақ,
Бұраң бел-ай,
Мен бармаймын,
Өзің кел-ай.
Қыздың аты қыз емес, қызыл өрік,
Бірдей келсін баршасы мінез, көрік,
Сырын білмей сыртынан құмарланба,
Жүрсе-дағы әркімдер болып жерік.
Керім бала-ай,
Кезігуге талай бар-ай.
Қиғаш қабақ,
Бұраң бел-ай,
Мен бармаймын,
Өзің кел-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: