Кінәлама (текст)

Сен неге мені айыптайсың, жарығым?
Келмеген еді қателікті танығым.
Пендеге нені бұйрық етсе тәңірім,
Қабыл алар тағдыр әмірін.

Тұйықталғаным жылдар жазған заң шығар,
Биікте арманым, оған да бір ән сыңар.
Сүйіп қалғаным жүрегімде жаншылар,
Қош айтысып көзге тамшылар.

Қайырмасы:
Кінәлама, кінәлама мені,
Мұңаяды, қуанады, білем.
Тамшы болып жел сырғатқан гүлдегі,
Үмітімнен тайып құлап жүрем…

Өмірім менің сұрақтардан құралған,
Көңілімде мұң — онсыз өмір сүре алман.
Серігім менің шырақ жағып тұр алдан,
Ұсынумен тағы бір арман…

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: