Кісі жыры (текст)

Өте шығар дүние қас қағымда, айхой,
Ойнап-күлген жарасар жас шағында, беу, дүние-ай,
Кісі жыры кісіге жар болады, айхой,
Балапандай буырыңа басқаныңда, беу, дүние-ай,

Жалған-ай, жанған-ай,
Жанбай өшкен арман-ай,
Жарға лайық қалқаның
Жанды әуреге салған-ай.

Аспандағы біреу мәз Айды алғанға, айхой,
Айналғанға біреу мәз Пайғамбарға, беу, дүние-ай
Ерте келіп, өмірден енші алғанмен, айхой,
Кісі жарын кеш көрсем айлам бар ма, беу, дүние-ай.

Әттең-ай, әттең-ай,
Неткен дүние тәттең-ай?!
Жарасқаны қинайды-ау
Дәм тұзыттың жатпен-ай.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: МузАРТ тобы

Видеоға сілтеме: