Әніңе салсам, әніңе салсам.
Әніңе салып, аулыңа барсам.
Ей ахау айым,
Қалқатайым –Күләш-ай.
Ей мінезің сенің өзгеше-ай.
Басынан байқап көңілім жай тап,
Ұйықтаса сәулем, оятсам шайқап,
Ей ахау айым,
Қалқатайым –Күләш-ай.
Ей мінезің сенің өзгеше-ай.
Әзілдеп сөзін, қиғаштап көзін,
Құмарым тартар бір келсе кезін.
Ей ахау айым,
Қалқатайым –Күләш-ай.
Ей мінезің сенің өзгеше-ай.
Бәлсіп бір созбай, әдепті бұзбай,
Жан қалқа сәулем, уәдеде тұрғай.
Ей ахау айым,
Қалқатайым –Күләш-ай.
Ей мінезің сенің өзгеше-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: