Сарғайып сары көлде қамыс қалды, күнім-ай,
Ауылы бауырымның алыс қалды, күнім-ай.
Күнде базар, күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.
Әуелден қыз болғанша, қаз болсамшы, күнім-ай,
Сыңқылдап айдын көлде табысқандай, күнім-ай.
Күнде базар, күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.
Дүниеде не мұңдық, қыздар мұңдық, күнім-ай,
Шешеден болып мұңдық неге тудық, күнім-ай.
Күнде базар, күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.
Шешеден болып мұңдық тумас едік, күнім-ай,
Бұрынғы үлкендердің жолын қудық, күнім-ай.
Күнде базар, күнім-ай,
Сағындым, сәулем, сені-дай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: