Көрінер қызы сұлу Қосқұлақтың, оу,
Ішінде берекесі ешкі-лақтын.
Үрия-оу, ай-ай,
Күнім-ау, айдай.
Той тойлап, тамашалап мен отырмын, оу,
Шығады даусы қайдан қос перизаттың.
Үрия-оу, ай-ай,
Күнім-ау, айдай.
Айтамын не деп өлең, жаным, саған, оу,
Ежелден артық еді сенің бағаң.
Үрия-оу, ай-ай,
Күнім-ау, айдай.
Бағаңа бағаласам жан жетпейді, оу,
Ту ұстап, тұлпар мінген ата-бабаң.
Үрия-оу, ай-ай,
Күнім-ау, айдай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: