Барады аулым көшіп Қызылжарға,
Таң атар шолпан туып сызылғанда
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Осы әнге қоңырлатып сала берем,
Көңілім сені ойлап бұзылғанда
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Құландай жүйрік майда жал-ай,
Бар ма екен біздей ынтызар-ай.
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Не қалды, қарайғанда қамыс қалды,
Ауылы қалқатайдың алыс қалды.
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Аулына алыс қалған қарай-қарай,
Қайрылып қаршығадай мойным талды.
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Құландай жүйрік майда жал-ай,
Бар ма екен біздей ынтызар-ай.
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме: