Айналайын қарағым ұғымыңнан,
Құмырсқа бел үзілген мықыныңнан.
Көкем-ай,
Жүрсің бе аман есен-ай.
Бағаласам бағаңа жан жетпейді-ей,
Қандай жанның жаралдың тұқымынан.
Көкем-ай,
Көп шалқайма бекерге-ай.
Күміс ерді көтеріп атқа салдым-ей,
Атыңды атап, қалқатай, хатқа салдым.
Көкем-ай,
Көп шалқайма бекерге-ай.
Аулың алыс кеткенде қимас қалқам-ой,
Бір сен үшін жанымда отқа салдым.
Көкем-ай,
Көп шалқайма бекерге-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: