Көктем (2-нұсқа) (текст)

Барады аулым көшіп Көлме көлге,
Көлме көлге көп жер дейді, көрмегенге.
Қалқатай, қыс көрмесек, жаз көрерміз,
Көк шығар, жер жарылып өлмегенге.

Көкем-көкем,
Қайтер екем.
Айналып, қалқам, сені көрер ме екем!

Әуеде ұшып жүрген сұқсыр үйрек,
Оятқан беттен желпіп, қолдан сүйеп.
Қалқатай, қыс көрмесек, жаз көрермін,
Түскенде мен есіңе жүрме жүдеп.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: